Хромтау Жоғары колледжінде 25 сәуір күні Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы Ж.М.Базарбааев​ «Оқу дала жиынының апталығының​ алғашқы күнін ашылу салтанатымен бастау алды.​ ​ Бір апталық оқу-дала​ жиынына келген студенттер «Жас сарбаз» атанып, өздерінің алғашқы әскери дайындық пәнінен алған білімдерін одан әрі іс-тәжірибе жүйеде жетілдіре түсіп, Әскери форманы сақтап, спорттық нормативтер мен тәңертенгілік дене жаттығу жұмыстары жүргізілуде. Оқу-дала жиынында арнайы тағайындалған медбикелер студенттердің денсаулықтарын қадағаласа, асхана сапалы тамақпен қамтамасыз етеді. Мақсаты:​ студенттердің АӘД пәнінен алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде жетілдіру. Болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас сарбаздардың өз іс-әрекетінің дұрыс орындалуын қадағалау, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеу.