Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы 8 наурыз мерекесіне орай колледждің әйелдер ұжымының арасында, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысымен бірлесіп "Мерген ару" сайысы және дене тәрбиесі ұжымдық кеңесінің оқытушыларымен бірлесіп эстафета ойыны өткізілді. "Мерген ару" сайысына барлығы 21 қатысушы болды. Эстафетаға құрамында 5 қатысушысы бар Қызғалдақ, Сириус және Мықтылар командасы болып, үш команда құралды. Жүлделі орынға ие болған қатысушылар грамотамен және бағалы сыйлықтармен бағаланды.
Нәтижесі:
1-орын Сауанова Гулнұр Кунанбаевна (37 ұпай)
2-орын Успанова Фарида Ануаровна (34 ұпай)
3-орын Изтаева Гулисиана Адильбековна және Алтаева Саним Аманжоловна (33 ұпай)
Эстафета бойынша:
1-орын "Сириус" командасы
2-орын "Мықтылар" командасы
3-орын "Қызғалдақтар" командасы иеленді.