Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде студенттермен "Жол жүру ережелері, жол қауіпсіздігі" тақырыбында Хромтау ауданы ПБ патрульдык полиция тобынын инспекторы полиция лейтенанты Калиуллинов Райымбек Нұрпейісұлымен кездесу өтті.

Мақсаты: Студенттердің көшеде, жолда жүру қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру. Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін дамыту.