2022 жылдың 18 ақпан күні Хромтау Жоғары колледжінің медбикесі Токсанбаева Нуржамал Калабаевнаның ұйымдастыруымен, Хромтау орталық емхананың акушер-гинекологы Абишова Фариза Муратовна және психолог Сарсенова Гульзира Орынбасаровнамен "Ерте жүктіліктің алдын-алу" тақырыпта колледж студент-қыздарына арнайы кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: отбасын жоспарлау және неке мәселелері бойынша санитарлық ағарту және кеңес беру, жыныстық өмірдің ерте басталу қаупі туралы түсіндіру.
Ерте жүктілік – кәмелет жасқа толмаған қыз баланың жүкті болуы. Ерте жүктілік және амалсыз аборт қыздың денсаулығына орны толмас зиян келтіреді және оның одан әрі репродуктивті функциясына әсер тигізетіні туралы бейнефильм көрсетілді.

#ХГТВК
@hromtau_audanynyn_akimdigi
@bilim_basqarmasy_aqtobe