11.02.2022ж «Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» өзін-өзі тану пәні онкүндігі аясында 105~тобымен Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күніне орай "Мейірімді ана "атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы,
« Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан үлесі өлшеусіз, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, "Өзін - өзі тану" әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.