Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкийдің жарлығы бойынша Қарқаралы екі сыныпты училищесінің меңгерушісі 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына қамалып, 8 ай бойы азап көріп, қиналып жүріп ширайды. Осы кезде бостандықты аңсаған , күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры, Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан , 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынұлы өміріндегі ең күрделі кезеңдер басталады. 1913-1918 жылдары арасында «Қазақ» газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады. Халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді.