Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылғы 08-21 ақпан күндері «Ерлік туын алаулатқан қазақ қызы» тақырыбында Ұлы Отан соғысының батыры М.Мәметованың 100 жылдығына орай ТжКББ ұйымдарының топ кураторлары арасында облыстық сырттай тәрбие сағаты байқауы аясында 2022 жылдың 11 ақпаны күні топ кураторы А.К.Киргизбаева 304 "Есеп және аудит" тобының студенттерімен Ақтөбе облыстық М.Мәметова атындағы медициналық жоғары колледжінің мұражайында болып, қазақтың жас, батырда, батыл қызының ерлік тері мен өмірбаянына шолу жасады. Сонымен бірге "Шығыстың қос шынары" Маншүкпен қатар батырлық көрсетіп, қазақ елінің мақтанышы Ә.Молдағұлованың мұражайында болып, естелік тер мен жазбалар, соғыс кезінде жазылған хаттарын көріп, оқып, батыр қыздарымыз дың ерлік терімен танысты. Экскурсия студенттерге өте жақсы ұнап, әсерлі күйде қайтты.