2022 жылы ақпанның 16-да Кенес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай Хромтау Жоғары колледжінің алғашқы әскери дайындық оқытушысы Ж.М. Базарбаевтың ұйымдастыруымен «Ауғанның отты жалыны» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу  өтті. Шараға ауған соғысының ардагерлері К.К.Тугелбаев ,А.Т.Кужбанов, Ә.Т. Кужбанов  шақырылды.

Ауған соғысының ардагерлері ауыр кезендегі естеліктерімен бөлісіп, студенттердің сауалдарына жауап берді. Алғашқы әскери дайындық оқытушысы Ж.М. Базарбаев ауған соғысының тарихы туралы мол мағлұмат берді.

Кездесу мақсаты – ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.