Бүгін, 18 қазан күні колледжіміздің 1-курс студенттеріне “Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілігі” тақырыбында жиын өтті. Хромтау ауданының прокуроры Казмуханбетов Канат Нурланұлы, Хромтау ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Сидакин Максат Бисембаевич және Маслов Роман Алексеевич нашақорлық, зиянды заттар туралы және зиянды әрекеттердің алдын-алу туралы түсінік ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттерге зиянды заттарды сақтау немесе зиянды затты қолдану қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып өтті. Нашақорлық - бұл адам баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер.

Жиын мақсаты: Нашақорлық-ғасыр дерті екендігін,нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу саналыда салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлық ресми түрде есірткілердің қатарына жатқызылатын заттардан туындайтын дерттің түрі. 

#хгтвк @hromtau_audanynyn_akimdigi @aqtobe_bilim_basqarmasy @polisia_hromtau