ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ...
Хромтау тау -кен техникалық жоғары колледжінде 26 қыркүйекте қыз балалармен кездесу өтті. Қыз бала тәрбиесі бүтін бір ұлттың тәрбиесі екенін ескерсек, қазіргі таңдағы қыз балалар арасындағы келеңсіз жағдайлар, құқық бұзушылықтар, т.б қоғамдағы бірқатар мәселелерді түсіндіру мақсатында: колледжімізде жоспар құрылып қыз балалармен қыздар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналысты колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ө.Көрпебаева жүргізді.
Жиналысқа колледж психолгы И.Б.Амангелді топ кураторлары қатысты.
Жиналыс барысында колледждің ішкі тәртіп ережесі, зиянды заттардың алдын алу, жеке бас гигиенасы, қыз бала тәрбиесі, сабаққа, қоғамдық шараларға қатысуы, сонымен қатар түнгі уақытта кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің көшеде жүруі, кертартпа діни ағымдардың алдын-алу бағытында олармен күрес жұмыстары туралы түсіндіріле отырып, студенттердің көкейкесті ойларын тыңдалды, сұрақтарына жауап берілді.
Сондай-ақ, бала тәрбиесінде, оның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлу қажеттігін айтып кездесуді қорытындылады.
#хгтвк @hromtau_audanynyn_akimdigi @aqtobe_bilim_basqarmasy