"Тау-кен" бөлімі айлығының жоспарына сәйкес 17 қараша күні математика пәнінің оқытушысы Тулегенова М.К. №105 "Жер асты құрылымдарының құрылысы" тобымен "Рационал көрсеткішті дәреже. Рационалкөрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру" тақырыбына ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданады.
Сабақ барысында Ұңғымашы мамандығына байланысты құрал жабдықтарын қолдану арқылы есептер шығарылды. Білім алушылар сабақта топтық, жұптық және жеке тапсырмалар орындады.

#ХГТВК
@bilim_basqarmasy_aqtobe
@hromtau_audanynyn_akimdigi