«Төтенше жағдайда өрт сөндіру»
Дата публикации: 14.09.2022 в 9:46
13 қыркүйек күні Хромтау тау-кен техникалық Жоғары колледжінде «Төтенше жағдайда өрт сөндіру» тақырыбында Хромтау ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Нурмуханов Бекарыс Темирболатұлымен кездесу өтті.
Мақсаты: Студенттердің өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру. Төтенше қауіпті жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік шаралары, өртке байланысты қауіпті заттармен танысу. Студенттерге өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық–техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Студенттерді өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
#ХГТВК
@hromtau_audanynyn_akimdigi
@aqtobe_bilim_basqarmasy