Эпидемиологиялық жағдайға байланысты штаттық режимдегі оқу
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Успанова Ф.А. жаңа оқу жылында болатын өзгерістер туралы айтып өтті:
-Биылғы 2020-2021 жылғы оқу жылында қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығының 3 қосымшасына сәйкес барлық санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, білім беру үдерісі штаттық режимге көшіріліп, төмендегідей өзгерістер болады:- сабақтың басталу және аяқталу уақытын көрсететін сабақ кестесі құрылды;
– ҚР білім және ғылым министрлігінің №345 бұйрығының 28 тармағының 2 ) тармақшасына сәйкес әлеуметтік арақашықтық, физикалық байланыстарды болдырмау үшін оқу ауысымы 3 мезгілге (І курс – 1 ауысым, ІІ курс -2 ауысым, ІІІ курс – 3 ауысым, ІV курс – Дөң ТКБК өндірістік практикада) ұзартылып, 1 параның өту уақыты – 90 мин (45+45 мин), сабақ арасындағы үзіліс уақыты – 5 мин ; – І, ІІ, ІІІ курс студенттері үшін әр түрлі уақытқа сабақ кестесі жасалып, қоңырау уақыттары өзгертілді.
– кабинеттік жүйе жойылып, барлық топтар 2 топқа бөлініп, әр кабинетте 15 студенттен кіргізіліп, оқу партасына 1 студенттен ғана отырғызылатын болып шешілді.
– әр оқу кабинеті мен шеберханаларда санитарлық «тазалық аумағы» дайындалды.
– студенттер ғимаратқа дезинфекциялаушы тонель арқылы өткізіп, кіргізіледі.
– сабақ процесі кезінде оқу бөлімі мен шеберханаларда оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді.Бұдан бөлек әрбір 2-ші сабақтан соң желдету және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, бетперде кию режимі мен медициналық бақылау күшейтіледі. Қазіргі таңда колледж дезинфекциялық құралдармен және санитарлық қауіпсіздік құралдарымен толық қамтамасыз етілді. Оның ішінде тепловизор, санитайзер, кіреберістегі қорғаныс кілемдері мен бактерицидтік шамдары бар.
Оқу процесін ұйымдастыру тәртібі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.