Хромтау тау-кен техникалық Жоғары колледжінде білім алушыларға арналған 95 орындық жатақхана бар. Қазіргі таңда 60 орынға, соның ішінде 50 ер бала, 10 қыз бала орналасты

Дата публикации: 12.09.2022 в 9:50

Жатақханада білім алушыларға барлық жағдай жасалған.

Жатақхана бөлмелері 2-3 адамға арналған, сабаққа дайындалуға және демалуға лайық жиһаздармен жабдықталған. Сондай-ақ, ас бөлмесіне электрлі плиталар, тоңазытқыштар, дәлізде үтіктеу тақтасы қойылған, санитарлық торап және алғашқы медициналық көмек көрсету бөлмесі қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, әр қабатта демалыс орындары, душ бөлмесі, кір жуатын бөлме, дәретхана бөлмелері бар.

Білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру үшін кітапхана жұмыс жасайды, холда OTAU TV спутниктік хабар тарату теледидары орналасқан.

Жатақхана тәулік бойы вахтерлер бақылауында, жатақхана ішінде және оған іргелес аумақта бейнебақылау камералары орнатылған.

Жатақханаға жататын білім алушыларға есігі әрдайым ашық.