Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде 2022-2023 оқу жылының ұйымдастырылуы туралы
Дата публикации: 7.09.2022 в 8:51
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік-нұсқаулық ұсынымдардың негізінде Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде оқу процесі ұйымдастырылды.
Осы бұйрықтың негізінде мемлекеттік стандарттарға ,үлгілік оқу жоспарларына сүйене отырып, жұмыс бағдарламалары әзірленді.
Жаңа 2022-2023 оқу жылында колледж студенттері штаттық оқу форматына толық көшірілді. Оқытудың дәстүрлі форматына көшу санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, оның ішінде санитарлық нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылатын болады.
Сабақтың басталуы мен аяқталу уақытын көрсететін сабақ кестесі құрылып, оқу жүйесі
1 ауысымға ұйымдастырылды. Оқу жүйесі «Платонус Колледж» платформасы бойынша жүргізіледі.
Білім алушылар мен қызметкерлердің әр күн сайынғы қатысымы мен денсаулығын бақылау мониторингі жүргізіледі. Жұмыс уақыты барлық қызметкерлер үшін 7 сағ.45 мин. басталып, бекітілген сабақ кестесіне сәйкес аяқталады. Колледж бойынша кезекшілікті оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері атқарады. Кезекшілік кезінде тәртіп, колледж мүлкінің сақталуын қадағалау, бөлім меңгерушілерімен бірге білім алушылардың сабаққа қатысымы тексеріледі. Әр қабатқа колледж әкімшілігінен үзіліс кезінде кестеге сәйкес кезекшілік жүргізіледі.
Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу кезінде МЖМБС басшылыққа алу қажеттілігі ескеріле отырып, кредиттік оқыту технологиясы мен дуалды оқыту жүйесі өз жалғасын табады.
Кредиттік оқыту технологиясы оқу орнына, нысанына және мерзіміне қарамастан оқытудың бүкіл кезеңі ішінде біліктілікті беру үшін бағалау арқылы оқыту нәтижелерін (РО ) тануды және ауыстыруды көздейді.
Біліктілікті игеру кезінде білім беру ұйымының өз қалауы бойынша білім алушының жеке компоненті педагогтің басшылығымен білім алушылар өз бетінше орындайтын жобалау жұмысы арқылы іске асырылады.
Жобалау жұмысы кәсіптік модульдерді игеруге көзделген кредиттер шеңберінде іске асырылады. Жобалау жұмысының бағытын, түгін және көлемін білім алушылармен келісім бойынша білім беру ұйымы айқындайды. Ұсынылатын жобалар түрлері: шығармашылық, ақпараттық жобалар, зерттеу, практикаға бағытталған. Жобалық жұмыс жеке, жұптық және студенттер тобымен орындалуы мүмкін.
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес дуальды оқыту туралы шарт – білім алушының еңбек қызметін растайтын құжат. Өндірістік оқыту және кәсіптік практика аяқталғаннан кейін білім алушыға дуальды оқыту туралы шартқа қосымша беріледі, оны білім алушы жұмысқа орналасу кезінде ұсынады. Бұл колледж түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.
1 қыркүйек – Білім күні барлық курстардың білім алушылары үшін оқу-ағарту және ғылым Министрі бекіткен «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.
Жылдық оқу процесі жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарына, оқу-ағарту Министрлігінің бекітілген бұйрығына, оның қосымшасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Оқу бөлімі