Хромтау тау-кен техникалық жоғарғы колледжінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған “Қыркүйектің сыңғыры” атты салтанатты жиын өтті
Дата публикации: 1.09.2022 в 10:14
Жиынға 1 курс студенттері мен ата-аналары қатысты. Колледж директоры Мулдашева Б.К колледж табалдырығын алғаш аттағалы тұрған студенттерді білім күні мен құттықтай отыра, бүгін олардың болашақ мамандық таңдауда өмірлік қадам жасағандарын, бәсекеге қабілетті кәсіби маман иесі болу үшін білімге ұмтылудың маңыздылығын атап көрсетті. Сондай – ақ студенттерге берген білім және олардың зияткерлік, рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасағаны үшін оқытушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, шын жүректен алғыс білдірді.
Мереке “Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық” тақырыбында өткізілген топ сағаттарымен жалғасты.