Бүгінде білім мен біліктілік ұшталса ғана табысқа жетуге болатынын өмірдің өзі дәлелдеп отыр
Дата публикации: 25.06.2022 в 10:21
Сапалы білім берумен қатар жастардың тәжірибеден өтуіне, оқу орындарының өндірістермен байланыс орнатуына колледжіміз мұқият көңіл бөлуде. Осыған орай 2022 жылдың 17 маусым күні «Колледж мақтанышы~2022» атты салтанатты жиын өткізілді. Жиынның негізгі мақсаты 2021-2022 оқу жылындағы «Дарынды, үздік студенттерімізді марапаттау.
Хромтау тау-кен техеникалық Жоғары колледж директоры Молдашева Бағдаш Кадиржановна құттықтау сөзімен студенттерімізді төмендегідей МАДАҚТАМА қағаздарымен марапаттады.
«ОҚУ ОЗАТЫ», «ҮЗДІК СПОРТШЫ», «ҮЗДІК БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТ»,.
Міне жастардың бүгінгі міндеті – оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Жастар бүгін сөзден іске көшетін заман. Білімсіз істің реті болмайды. Сондықтан, жастардың жалпы назары білімге аударылу керек.
Келесі оқу жылына Дарынды, үздік студенттеріміздің қатары көбейе берсін.
#ХГТВК
@hromtau_audanynyn_akimdigi