“Құрметті азаматы” Әбдіманап Дүйсенұлы Шорабаевты еске алуға арналға дәстүрлі Республикалық турнир өтті

Дата публикации: 11.04.2022 в 8:47

Ағымдағы жылдың 06-10 сәуір аралығында Қызылорда облысы, Шиелі ауданында 2006-07 жылы туылған жасөспірімдер арасында Шиелі ауданының “Құрметті азаматы” Әбдіманап Дүйсенұлы Шорабаевты еске алуға арналға дәстүрлі Республикалық турнир өтті. Аталмыш жарысқа еліміздің әр өңірінен 28 командадан, 318 қатысушы өз бақтарын сынады. Бес күнге созылған бәсекеде Хромтау БЖСМ боксшылары жоғары нәтиже көрсетіп, нәтижесінде 46 келі салмақ дәрижесінде Хромтау тау~кен техникалық Жоғары колледжінің 1 курс студенттері Изтай Мадияр – І орын, 54 келіде Дильманов Жеңіс – І орын,  орынға ие болып, ауданымызда спорттың бокс түрі жақсы жолға қойылғанын дәлелді. Аталмыш жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздарына “ҚР Спорт шеберлігіне үміткер” спорттық атағы беріледі.